2025 жылғы 30 қазан күні Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, сондай-ақ облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында сауда саласына қатысы бар сауда желілері, өндірушілер, базарлар, көтерме жеткізушілер және өзге де кәсіпкерлердің қатысуымен кеңес өтті.

31.10.2025 15:41:29 78

Кеңес барысында сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманың негізгі нормалары мен ұлттық тауарлар каталогын (ҰТК) қалыптастыруға байланысты мәселелер қарастырылып, түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі баяндамашылары Қарағанды облысы бойынша Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Рахымбаев Абзал Жұпарович және «Қазақтелеком» АҚ Ұлттық тауарлар каталогы жобасының жетекшісі Нұртаева Арайлым болды.

Кеңес барысында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге, отандық өндірісті дамытуға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған талаптарға ерекше назар аударылды.

Кәсіпкерлерге келесі қағидалар түсіндірілді:

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) сауда үстемесін шектен тыс арттырмау талаптарын сақтау;

- сауда алаңдарының немесе сөре кеңістігінің кемінде 30 %-ын отандық тауарларға бөлу және оларды міндетті түрде «Қазақстанда жасалған» деген таңбамен белгілеу;

- мемлекеттік қолдау алған жағдайда кәсіпкерлер сөрелердегі отандық тауарлардың үлесін 50 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз етуі тиіс;

- қолданыстағы заңнама шеңберінде отандық тауар өндірушілердің өнімдерін тікелей сауда желілеріне жеткізу тетігін ұйымдастыру;

- ішкі сауда субъектілері тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде сыйақы (бонус) төлеуге жол бермеу;

- ірі сауда объектілері мен базарлардың қызметін ұйымдастыру кезінде заңнама талаптарын сақтау;

- тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, атап айтқанда сауда объектілерінде «тұтынушы бұрышының» міндетті түрде болуы.

Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/op-saran/press/news/details/1096900?lang=kk