СЭҚ қатысушылардың назарына. Қазақстан Республикасында кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету
31.10.2025 17:41:25 95
Құрметті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!
Сіздер Қазақстанға тауарларды әкелген кезде кедендік баждар мен салықтарды төлеуге міндеттісіздер, бірақ кейбір жағдайларда тауарды ерте шығарып, ал төлемді кеш енгізуге болады.
Ол үшін кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етуді ұсыну қажет, яғни ақша қаражатының төленетініне кепілдікті ұсыну.
Қамтамасыз ету қашан қажет?
Қазақстан Республикасында кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындау әрқашан емес, белгілі бір жағдайларда ғана ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 91, 194, 195, 196, 223, 257, 170, 387, 397-баптары) талап етіледі, мысалы:
- егер сіз тауарды құжаттарды тексеру аяқталғанға дейін алғыңыз келсе ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 195-бабы);
- егер кедендік сараптама тағайындалса және сіз оның аяқталуын күте алмасаңыз ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 199-бабы);
- егер тауар кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған болса ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 223 және 226 баптары);
- сіздің өтінішіңіз бойынша тауарды уақытша сақтау кезінде ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 170-бабы).
Төлемді немен қамтамасыз етуге болады?
5 тәсілдер бар ("ҚР Кедендік реттеу туралы" ҚР Кодексінің 97-102 баптары):
- Ақша. Ең қарапайым және кең таралған тәсіл. Кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына енгізіледі.
- Банктік кепілдік. Банк кедендік төлемдер мен салықтарды төлейтініне кепілгерлік береді.
- Кепілгерлік. Кепілдікті үшінші тұлға (жеке немесе заңды тұлға) береді.
- Мүлік кепілі. Міндеттеме орындалғанға дейін мүлік кеден органына кепілге беріледі.
- Сақтандыру. Кеден органы сақтандыру қызметі құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тізіліміне енгізілген сақтандыру ұйымдары берген шарттарды қабылдайды.
Қамтамасыз ету сомасы қалай есептеледі?
Қамтамасыз ету сомасының мөлшері тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен тауарларды орналастыру кезінде Қазақстан Республикасында төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары негізге алына отырып айқындалады.
Кеден органдары не істейді?
- қамтамасыз ету сомасының болуын және жеткіліктілігін бақылауды жүзеге асырады;
- міндеттемелер орындалмаған кезде кедендік баждар мен салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын қамтамасыз етудің таңдалған тәсіліне сәйкес кедендік баждар мен салықтарды өндіріп алуды жүргізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-pavlodar/press/news/details/1097107?lang=kk