2025 жылдың 31 қазанында аудан әкімдігінің отырысы өтті
31.10.2025 18:32:19 172
2025 жылдың 31 қазанында аудан әкімдігінің отырысы өтті. Әкімдік отырысына Жақсы аудандық мәслихатының төрағасы, ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандық аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды. Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1 «Жақсы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі аудан бюджетінің атқарылуы туралы»;
- «Жақсы ауданында егін жинау науқанының аяқталу қорытындысы туралы».
Аудан әкімдігінің отырысынан кейін ағымдағы мәселелер бойынша кеңес өтті.
Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Жақсы ауданында ағымдағы кезеңде жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштердің орындалуы туралы;
- АШТӨ статистикалық есептілігін тапсыру туралы;
- 2025 жылдың екінші жартыжылдығында халықпен есептік кездесулер өткізу қорытындылары туралы. Орындаушылық тәртіп және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/press/news/details/1097219?lang=kk