Қасиетті Тақпен ынтымақтастықтың перспективалы форматы талқыланды
01.11.2025 18:00:54 139
2025 жылғы 31 қазанда Қазақстанның Қасиетті Тақ жанындағы Елшілігінің бастамасымен Елші Тимур Примбетовтың Қасиетті Тақ Мемлекеттік хатшылығының Протоколының басшысы монсеньор Хавьер Фернандеспен кездесуі өтті.
Сенімді және достық әңгіме барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, соның ішінде 2025 жылдың соңына дейін Ватиканда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Хатшылығы мен Қасиетті Тақтың Дінаралық диалог жөніндегі Дикастериясы арасында Дөңгелек үстел ұйымдастыру және өткізу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында тараптар протоколдық-ұйымдастырушылық мәселелер бойынша жұмыс байланыстарын жалғастыруға келісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-vatican/press/news/details/1097378?lang=kk