Қазақстан мен Вьетнам ғылым мен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Вьетнам ғылым мен туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

03.11.2025 08:40:31 123

2025 жылғы 17 қазанда Елші Қанат Тумыш Ханойдағы Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар университетінің (USSH, VNU) туризмді зерттеу факультеті ұйымдастырған, факультеттің құрылғанына 30 жыл толуына орай, туризм саласындағы заманауи зерттеулер мәселелері жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты.

Конференцияның бас спикерлерінің бірі ретінде Елші Қанат Тумыш баяндама жасап, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқанын, соның ішінде тікелей рейстер маршруттарын кеңейтуді, екі жаққа да сапарлар санын ұлғайтуды және Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияны байланыстыратын тұрақты, мәдени және экологиялық туризм модельдерін дамыту әлеуетін атап өтті.

Елші сонымен қатар туризм саласындағы инновацияларды ілгерілетуде және екі елдің адамдары арасындағы байланысты нығайтуда академиялық алмасу мен зерттеу ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-hanoi/press/news/details/1097440?lang=kk