Құқықтық қорғау және ашық диалог: «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

Құқықтық қорғау және ашық диалог: «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы

03.11.2025 11:00:39 146

2025 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының қалалары мен ірі елді мекендерінде «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы сәтті өткізілді.

Аталған бастама азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және халықтың тегін кәсіби кеңес алуына қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары акцияға белсенді қатысып, салық және кедендік әкімшілендірудің өзекті мәселелері бойынша толық түсініктемелер берді. Салық төлеушілер мен бизнес қоғамдастығының өкілдері келесі бағыттар бойынша білікті кеңестер алды:

- Салық заңнамасының нормаларын сақтау.

- Арнайы салық режимдерін қолдану.

- Табыс пен мүлікті жалпыға бірдей декларациялау мәселелері.

- Кедендік рәсімдер.

Халықпен тікелей диалог Департаментке әкімшілендірудегі проблемалық мәселелерді жедел анықтауға және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде барынша тиімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1097628?lang=kk