Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесу өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесу өткізді

03.11.2025 16:21:33 14

Рабат, 2025 жылғы 24 маусым – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ИСЕСКО) Бас директоры Сәлім Әл-Мәлікпен кездесті.

Тараптар академиялық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктерін, жаңа технологиялар мен жасанды интеллект заманындағы жоғары білімді дамыту мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде, Ж.Түймебаев 2025 жылғы қыркүйекте ИСЕСКО-ның CanSat жерсеріктерін модельдеу жөніндегі оқыту тренингін «Kazakhstan Space Days» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰҮ-да өтетінін растап, ИСЕСКО басшысын іс-шараға қатысуға шақырды.

ИСЕСКО Бас директоры жоғары білім саласына инновациялар енгізу, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және тәжірибе алмасу мақсатында байланыстарды белсендіруге қызығушылығын білдірді.

Кездесу ИСЕСКО штаб-пәтерінде өтіп жатқан Ислам әлемінің университеттері басшыларының 6-шы форумы аясында өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097999?lang=kk