MASEN тобының төрағасы Тарик Амезиан Муфаддалмен өткен кездесу туралы

MASEN тобының төрағасы Тарик Амезиан Муфаддалмен өткен кездесу туралы

03.11.2025 16:21:38 42

2025 жылғы 17 маусымда Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы MASEN – Мароккода жаңартылатын энергия көздерін дамытуға жауапты топтың Төрағасы Тарик Амезиан Муфаддалмен кездесуде Қазақстан мен Марокко арасында жаңартылған энергетикаға саласында ынтымақтастықты орнату мәселесін талқылады.

MASEN жалпы жаңартылатын энергияға жеке инвестицияларды дамыту үшін драйвер ретінде шешуші рөл атқарады және Марокконың жасыл сутегі көшу бойынша орталығы болып табылады. 2030 жылға қарай ел жаңартылатын энергия өндіру қуатын 120 ГВт-қа дейін ұлғайтуды және жасыл сутегі секторына 300 млрд долл көлемінде инвестицияларды тартуды мақсат етіп отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097985?lang=kk