Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы Мұхаммед V университетінің ректоры Мұхаммед Хачимен кездесу өткізді
03.11.2025 16:21:40 32
2025 жылғы 10 маусымда Елші С.Сайлауқызы Рабаттағы Мұхаммед V университетінің ректоры Мұхаммед Хачимен кездесуде екі ел арасындағы білім-ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту, университеттер арасында студенттер мен оқытушы-профессорлық құраммен өзара алмасу бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен марокколық Мұхаммед V университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі талқыланды.
Мұхаммед V университеті Мароккодағы ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады, онда 85 000-нан астам студенттер, оның ішінде 2 646 шетелдік студенттер білім алады. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 1836 оқытушыдан тұрады, олардың 97%-ы марокколық,басқалары шетелдіктер болып келеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1097971?lang=kk