«Балалар бейбітшілік үшін» 17-ші халықаралық фестивалінің ашылу рәсімінде Қазақстаннан келген «Еркетай» балалар ансамблі өнер көрсетті
03.11.2025 16:40:51 101
2025 жылғы 24 шілдеде Марокко Корольдігінің Сале қаласындағы Tabriquet мәдениет және өнер орталығында Bouregreg ассоциациясының ұйымдастыруымен «Балалар бейбітшілік үшін» 17-ші халықаралық фестивалінің ашылу рәсімінде Қазақстаннан келген «Еркетай» балалар ансамблі өнер көрсетті. Фестивальға қатысу үшін 22 елдің балалары Корольдікке келді.
Фестиваль Марокко Ханшайымы Лалла Мериемнің патронажымен жылда өткізіліп, әлемнің түпкір-түкірінен келген балалар арасында мәдени байланыстарды нығайтуға және бейбітшілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған маңызды алаңға айналды.
Қазақстаннан аталған Фестивальға 2023 жылдан бастап қатысып, жас әрістеріміз осымен үшінші рет өнерлерін көрсетуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098032?lang=kk