Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марракеш қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы, «Anfa Realities» компаниясының президенті Юнес Эссасимен Консулдық патент пен куәлігін табыс етті
03.11.2025 16:51:07 105
2025 жылғы 12 қыркүйекте Елші Сәулекүл Сайлауқызы Марракеш қаласындағы Қазақстанның Құрметті консулы, «Anfa Realities» компаниясының президенті Юнес Эссасимен кездесіп, оған Консулдық патенті мен куәлігін табыстады. Елшіліктің жаңа дипломаттары Марат Ебекенов және Бауыржан Тұяқовпен танысып, Қазақстан мен Марокко арасындағы инвестициялар мен сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін әріптестік қатынастарды одан әрі кеңейтуге және өзара ықпалдастық етуге дайындығын білдірді.
Елші, сондай-ақ, Мемлекет Басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі міндеттері, "Born Bold" медиа науқаны, "KGIR 2025 инвестициялық дөңгелек үстелінің өткізілуі туралы ақпарат берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-rabat/press/news/details/1098067?lang=kk