Қазақстанның Словениядағы Елшісі сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етті
04.11.2025 08:00:22 147
Любляна, 2025 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Словениядағы Елшісі Алтай Әбибуллаев Словения Республикасының Сыртқы және Еуропалық істер министрлігінде сенім грамоталардың көшірмелерін табыс етіп, 2025 жылғы 31 наурыз – 1 сәуір аралығында Словения Президенті Наташа Пирц Мусардың Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды ескере отырып, қазақ-словен ынтымақтастығын өзара тиімді және жан-жақты дамыту бағыттарын талқылады.
Словения тарапы Қазақстанның жаңа Елшісінің қызметі екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-ljubljana/press/news/details/1098281?lang=kk