Алтай қаласында жаңа Салық кодексі бойынша көшпелі семинар өтті

Алтай қаласында жаңа Салық кодексі бойынша көшпелі семинар өтті

04.11.2025 10:50:28 187

2025 жылғы 3 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Алтай қаласында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру мақсатында көшпелі семинар өткізді.

Іс-шара «Горняк» мәдени-демалыс орталығында өтті, оған Алтай қаласының 250-ге жуық бизнес өкілдері мен тұрғындары қатысты.

Департамент мамандары қатысушыларға жаңа заңнаманың негізгі ережелерін таныстырып, келесі бағыттар бойынша енгізілетін өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндірді:

  • салықтық әкімшілендіру;

  • корпоративтік табыс салығы (мөлшерлемелер, аванстық төлемдерді төлеу тәртібі);

  • жер қойнауын пайдалану саласындағы салық салу;

  • арнайы салық режимдерін қолдану;

  • қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есепке қою және артық төленген соманы қайтару тәртібі;

  • жеке табыс салығын, әлеуметтік салықты және мүлік салығын есептеу жүйесіндегі өзгерістер.

Семинар барысында жаңа нормаларды тәжірибеде қолдану және салықтық процестерді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Жаңа Салық кодексі салықтық әкімшілендіруді айтарлықтай оңайлатуға, сондай-ақ салық төлеушілер үшін жағдайды жақсартуға бағытталған. Негізгі жаңалықтар мыналарды қамтиды:

  • салық есептілігінің көлемі 30% қысқартылады;

  • салықтық жеңілдіктер оңтайландырылады;

  • салық берешегін өндіріп алу, мерзімін кейінге қалдыру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі;

  • жоспарлы тексерулерден бас тарту, ТБЖ бойынша санаттау жүйесін алып тастау;

  • арнайы салық режимдерінің саны жетіден үшке дейін қысқарады — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, жеңілдетілген декларация негізінде және шаруа (фермер) қожалықтары үшін.

Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері ведомствоның басты міндеттерінің бірі — салық төлеушілерді салық заңнамасындағы алдағы өзгерістер туралы уақтылы және толық хабардар ету екенін атап өтті.

Семинар барысында ашық диалог форматында қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістерге қатысты барлық сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1098415?lang=kk