Жаңадан қабылданған қызметкерлермен әңгіме жүргізілді

Жаңадан қабылданған қызметкерлермен әңгіме жүргізілді

04.11.2025 12:30:51 142

2025 жылдың 3 қарашасында Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Темирбек Нажиканов және әкімшілік бөлімінің басшысы Салтанат Аитова корпоративтік мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған қызметкерлермен әңгіме өткізді. Әңгіме барысында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, заңда көзделген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарға жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, сондай-ақ Департаменттің ішкі жұмыс тәртібі мәселелері қарастырылды.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1098540?lang=kk