Тұрғын үй көмегін тағайындау

Тұрғын үй көмегін тағайындау

04.11.2025 17:00:37 1056
Құрметті Абай ауданының тұрғындары!
Тұрғын үй көмегі – бұл Қазақстандағы аз қамтылған азаматтар мен отбасыларға арналған мемлекеттік төлем. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй, коммуналдық қызметтер және тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеу.
Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады: 
Тұрғын үй көмегі аз қамтылған азаматтарға және табысы төмен отбасыларға беріледі, ал тұрғын үйге, коммуналдық қызметтерге және тұрғын үйді жалға алуға арналған шығыстар (егер ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынса) өңірде белгіленген шекті мөлшерден асып кетсе, онда бұл көмек беріледі.
Тұрғын үй көмегін өзінің жалғыз тұрғын үйінде тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алған азаматтар ала алады.
Коммуналдық қызметтер кімге өтеледі? Жаңа нормалар және тағайындау тәртібі 
Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға келесі шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған: 
• коммуналдық қызметтер: су, жарық, жылу, газ; 
• тұрғын үйді және үй маңындағы аумақты күтіп-ұстау;
• күрделі жөндеу;
• байланыс қызметтері (мысалы, телефон үшін абоненттік төлем);
• мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысы.
Өтініш беру екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін:
1. eGov.kz порталы арқылы (қызмет «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталады).
2. Тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) жеке өзі.
Егер өтінішті электронды түрде берсеңіз, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады.
 
Тұрғын үй көмегін рәсімдеу үшін мыналар қажет:
• Жеке куәлік;  
• Өтініш берер алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттар;  
• Сол тоқсандағы коммуналдық қызметтерге (жылу, су, жарық, газ және т.б.), тұрғын үйді күтіп-ұстау мен күрделі жөндеуге төленген түбіртектер;  
• Байланыс қызметтері үшін (телефон және т.б.) түбіртек немесе келісімшарт;  
• Егер баспана мемлекеттік қордан жалға алынған болса – жалға алу шарты және төлем мөлшері көрсетілген құжат;  
• Банктік есепшот нөмері (IBAN).
Кеңес алу үшін мына мекен-жайға жүгіне аласыз: Абай қала

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-abay/press/news/details/1122026?lang=kk