«Салық есептілігін қабылдау»
04.11.2025 17:40:29 76
Салық есептілігі-салық төлеушінің салық салу объектілері, активтер мен міндеттемелер, салық міндеттемелерін есептеу және салық органына төленетін әлеуметтік төлемдер туралы ресми құжаты.
Қазіргі уақытта, 2026 жылға дейін, салық есептілігін жасау бойынша түсіндірмесі бар салық есептілігінің нысандары және оларды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі-ҚР ҚМ) 20.01.2020 жылғы № 39 бұйрығымен бекітілген, 2026 жылдан бастап ҚР ҚМ жаңа Салық кодексі шеңберінде ҚР ҚМ жаңа бұйрығы әзірленді, ол мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр.
Салық есептілігі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге: салық есептілігін қабылдау; кеден одағы шеңберінде салық есептілігін қабылдау (328.00 СЕН); салық есептілігін кері қайтарып алу; салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (қайта бастау); салық есептілігін табыс етуді ұзарту кіреді.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер ЦДжАӨМ 31.01.2020 жылғы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген.
"Салық есептілігін қабылдау" мемлекеттік қызметі қызметті алушыларға – заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға және жеке тұлғаларға (ЗТ, ЖК, ЖТАТ, ЖТ) көрсетіледі.
Салық есептілігі Салық кодексінде белгіленген тәртіппен/мерзімдерде және ҚР ҚМ 10.07.2020 жылғы №665 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының тәртібіне сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі-МКО) беріледі.
Салық есептілігін көрсетілетін қызметті алушы келесі таңдаулар бойынша МКО-ға:
- келу тәртібімен қағаз тәсілімен (МКО орталықтары/Мемлекеттік корпорация орталықтары) не пошта арқылы;
- электрондық тәсілмен салық төлеушінің кабинеті СӘИЖ, СЕӨЖ, ЭҮП egov, eGov mobile, e-Salyq Azamat, e-Salyq Business мобильдік қосымшалары, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы ұсына алады.
МКО жүйесімен салық есептілігін қабылдау және өңдеу кезінде форматтық-логикалық бақылау (ФЛБ) - МКО жүйесімен салық есептілігін толтырудың толықтығы мен дұрыстығын тексеру жүргізіледі.
2026 жылдан бастап салық есептілігі 30% - ға қысқартылатын болады, бұл ретте оған, мысалы, жеңілдіктер бойынша толтыру үшін міндетті жолдар қосылады.
Салық кодексінің жаңа нұсқасында, егер міндеттемелер сомасы 1 млн.теңгеден аспаса, мүлік салығы бойынша есеп айырысу (701.01-нысан) жойылады. Егер төлемдер сомасы 1 млн. теңгеден кем болса, салық төлеуші декларацияны (700.00-нысан) жылына бір рет қана береді және осы декларация негізінде төлем жүргізеді. Сондай-ақ көлік салығы бойынша (701.00 нысан), жер салығы бойынша (701.01 нысан) есеп айырысулар алынып тасталады.
Жалпы қолданыстағы 39 СЕН-дан 11 нысанды алып тастауға болады. Бұл 101.01 (автоматтандыру), 180.00 (100.00 н. қосымша болады), 240.00 (270.00 н.), 421.00 (400.00 н. қосымша), 540.00 (150.00 н. қосымша), 560.00 (590.00 н. қосымша), 570.00 (590.00 н. қосымша), 701.00 (автоматтандыру), 871.00 (СЕН-дан алынып тасталады), 911.00, 912.00, 913.00 арнаулы салық режимі (АСР) шеңберінде алып тасталады.
Жаңа Салық кодексі шеңберінде "хабарлама бойынша қосымша" салық есептілігінің түрі "хабарлама бойынша" түріне өзгертілгеніне назар аударамыз.
"Салық есептілігін кері қайтарып алу" мемлекеттік қызметі 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі шеңберінде алынып тасталды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер берілген салық есептілігін қайтарып ала алмайды. Жалғыз ерекшелік-ЕАЭО шеңберіндегі 328.00 нысаны (тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш). Мемлекеттік қызметті алып тастаудың себебі-бұл жаңа Салық кодексінің шеңберінде салықты әкімшілендіруге тәсілдің өзгеруі. Кері қайтарып алудың баламасы-егер қате табылса немесе өзгертулер енгізу қажет болса, салық төлеушінің нақтыланған салық есептілігін беруі.
Бұрын берілген СЕН-дағы түзетулер қосымша салық есептілігі немесе хабарлама бойынша есептілік арқылы ғана мүмкін болады. Салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді салық төлеуші (салық агенті) ҚР Салық кодексінің 48-бабына сәйкес талап қою мерзімі ішінде енгізуге құқылы.
Өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі, сондай-ақ салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейтін жағдайлар Салық кодексінің 211-бабының нормаларында көзделген.
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі шеңберінде осы тәртіп нормативтік-құқықтық актімен (ҚМ бұйрығы) белгіленетін болады, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісілуде.
"Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)" мемлекеттік көрсетілетін қызметі
Салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұруды қызметті алушы қолданыстағы Салық Кодексінің 213, 214-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі шеңберінде қызмет көрсету тәртібі бойынша нормалар қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісуде тұрған нормативтік-құқықтық актімен (ҚМ бұйрығы) реттелетін болады.
Қазіргі уақытта салық есептілігін ұсыну мерзімдерін ұзарту тәртібі Салық кодексінің 211-бабының нормаларымен реттеледі.
Бұл ретте 2026 жылдан бастап жаңа Салық кодексі шеңберінде осы норма алынып тасталды, жаңа норманың енгізілуіне байланысты, егер салық төлеуші (СТ) салық есептілігін ұсынбаса, МКО жүйесі оны ұсынудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін автоматты түрде нөлдік есептілікті қалыптастырады.
Осыдан кейін, СЕН-нын сол кезеңде беру мүмкін емес, тек келесі жағдайларды қоспағанда: қосымша СЕН беру және СЕН-ны белгіленген мерзімде қағаз тасығышта беру.
Егер салық төлеуші СЕН-ны қағаз жеткізгіште тапсырса және ол "Құжат қабылданды" мәртебесін алса, автоматты түрде қалыптасқан нөлдік СЕН жойылады. Бұл салық есептілігі пошта арқылы жіберілген жағдайда орын алады.
Бұл өзгерістер қателерді азайтуға және салықтық әкімшілендірудің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Осы норманы енгізу сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасында (№ 17) белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны үшін хабарламаларды ұсыну, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдердің болмауына, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 272-бабы шеңберінде әкімшілік жауаптылыққа тартудың болмауына, яғни бизнес үшін жазалау шараларын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл ретте, автоматты түрде қалыптастыру салық төлеушінің жеке кабинетіндегі (СТК СӘИЖ) құжаттамасында табыс етілуге тиіс салық есептілігінің нысандары алдын ала көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Егер құжаттамадағы нысандар анықталмаса-жүйе салық төлеуші үшін есептілікті қалыптастыра алмайды.
Құжаттармен жұмыс жөніндегі нұсқама және салық төлеушінің жаңа кабинетінің функционалы Қолдау – Көмек – Салық төлеуші кабинетінің СӘИЖ анықтамалық ақпараты бөлімінде орналастырылған.
Сұрақтар, техникалық проблемалар туындаған жағдайда пайдаланушы СӘИЖ қолдау қызметіне жүгіне алады:
knpsd@ecc.kz электрондық мекенжайға
8(7172)73 55 11 және +7(705) 956 53 71 телефондары бойынша;
Қолдау - СТК СӘИЖ кері байланыс бөліміндегі өтініш формасын пайдалану.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта салық есептілігін қабылдау ескі СЕӨЖ-да ішінара жүзеге асырылатындығын ескере отырып, "СТК" АЖ, "СЕӨЖ" АЖ-да сұрақтар туындаған жағдайда пайдаланушы sonosd@ecc.kz электрондық мекенжай бойынша қолдау қызметіне жүгіне алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1098869?lang=kk