Пәкістан мен Қазақстан спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуда

Пәкістан мен Қазақстан спорт және білім беру саласындағы ынтымақтастықты белсенді дамытуда

05.11.2025 09:50:58 170

Исламабад, 2025 жылғы 4 қараша - – Ү.ж. қазан-қараша айларында Пәкістанға тоғызқұмалақ, теннис, шахмат федерацияларының делегациялары, сондай-ақ Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілдері іссапармен келді.

Қазақстанның «Тоғыз құмалақ» федерациясының қолдауымен Пәкістанның «Тоғыз құмалақ» федерациясын құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған делегация Пәкістандық жаттықтырушылар үшін мастер-класстар ұйымдастырды, ПИР Провинцияаралық үйлестіру министрлігінің басшылығымен келіссөздер жүргізді, оның қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Пәкістан шахмат федерациялары арасындағы ынтымақтастық аясында Қазақстан шахмат федерациясының өкілі Ж.Аманов Исламабадта Пәкістан жастарына арналған онлайн және офлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Сонымен қатар, 25 қазаннан 9 қарашаға дейін ITF Pakistan J60 Islamabad теннисінен турнир өтуде. Бұл жарысқа Қазақстанның теннисшілері қатысуда. Чемпионат аясында біздің спортшылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жұптық ойында Каролина Лигай мен Полина Барабанова бірінші орынды иеленді.

Өз кезегінде Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің өкілі Пәкістанның жетекші жоғары оқу орындарымен, атап айтқанда Қайд-е-Азам және GIKI университеттерімен келіссөздер жүргізді.

Қазіргі уақытта Қайд-е-Азам университетінде Әл-Фараби ат. бірлескен орталықты ашу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Өткен келіссөздер мен іс-шаралардың қорытындылары бойынша жоғарыда аталған спорт федерациялары мен ҚазҰУ өкілдері Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Қыстафинмен кездесіп, оның барысында екі ел арасындағы спорттық және ғылыми-білім беру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы жоспарларды талқылады, өзара іс-қимылды одан әрі дамыту үшін жоғары әлеуетті атап өтті және ынтымақтастықты практикалық тұрғыдан кеңейту жөніндегі жоспарларды белгіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-islamabad/press/news/details/1099069?lang=kk