Малай сауда палатасының алғашқы өңірлік кеңсесін ашу және Қазақстанға іскерлік миссиялар
05.11.2025 12:31:16 138
Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Болат Сүгірбаев Малай сауда палатасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан мен Малайзияның іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша практикалық шаралар талқыланып, сауда көлемін арттыру, малайзиялық инвестицияларды тарту және бірлескен кәсіпорындарды құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Б. Сүгірбаев Елшіліктің екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға, инвестициялық жобаларды ілгерілетуге және малайзиялық бизнестің Қазақстан нарығына шығуын қолдауға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті. Ол Қазақстанның малайзиялық компанияларға өндіріс орналастыру, логистикалық орталықтарды дамыту және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен цифрлық экономика салаларында бірлескен бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар ұсына алатынын айтты.
Малай сауда палатасының Бас хатшысы Мазрол Низам бин Абдулла Қазақстанның «Орталық Азияға қақпа» әрі негізгі әріптес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті. Ол Малай сауда палатасының тарихында алғаш рет шетелдегі кеңсені Қазақстанда ашу туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Аталған кеңсе Малайзия Үкіметінің инвесторларды, экспорттаушыларды және кәсіпкерлерді Қазақстан мен өңірдің көрші елдерінің нарықтарына ілгерілетуге бағытталған шараларын үйлестіруге жан-жақты қолдау көрсететін болады.
Кездесу барысында Малай сауда палатасының Алматы қаласына жоспарланған алдағы іскерлік миссиясы талқыланды. Іссапар аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен қала әкімдігі өкілдерімен кездесулер өткізу, сондай-ақ инвестициялар мен әріптестіктің нақты бағыттарын айқындау мақсатында қазақстандық компаниялармен келіссөздер жүргізу жоспарлануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-kuala-lumpur/press/news/details/1099250?lang=kk