Қазақстандық делегацияның халықаралық крипто-симпозиумға қатысуы туралы
05.11.2025 14:10:42 86
Цуг, 3 қараша – Eлшіліктің кеңесшісі-Бас прокуратураның өкілі Б. Құрманов және Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігінің қызметкері А. Есенғұлов Швейцарияның қаржылық барлау қызметі ұйымдастырған үшінші халықаралық крипто-симпозиумның жұмысына қатысты.
Іс-шараға Еуропол, Базель басқару институты, Дүниежүзілік экономикалық форум, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі мамандар қауымдастығы, сондай-ақ қазақстандық делегациямен бірге Швейцария, Аустрия, Германия, Мальта, БАӘ, АҚШ және басқа елдердің құқық қорғау және қадағалау органдарының қызметкерлері қатарынан 280 өкіл қатысты.
ҚМА қызметкері ұсынған "Виртуалды активтері бар қылмыстарды анықтаудың аналитикалық құралдары мен тәсілдері" баяндамасын қатысушылар практикалық тұрғыдан оң бағалады.
Форум аясында қазақстандық делегация бейіндік мәселелер бойынша тәжірибе алмасып, қатысқан мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және сараптамалық құрылымдардың өкілдерімен жұмыс байланыстарын орнатты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/1099291?lang=kk