ШҚО мүгедектігі бар адамдардың конституциялық құқықтары қорғалды
05.11.2025 16:11:02 108
Самар ауданының прокуратурасымен мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде 39 азаматтың, соның ішінде 7 кәмелетке толмағанның, «инватакси» қызметіне мұқтаж екені анықталды.
Алайда 2022 жылдан (аудан құрылған кезден бастап) бастап заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «инватакси» қызметі жүзеге асырылмаған. Аудан әкімдігімен тұтынушылар санатын және тізбесін кеңейту туралы қаулы қабылданбаған.
Аудан прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімдік мүгедектігі бар адамдарға көлік қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдады.
Бюджеттен 27 млн теңге бөлініп, шектеулі мүмкіндіктері бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы автокөлік сатып алынды, сондай-ақ тұрақты түрде көлік қызметін көрсету үшін жүргізуші жұмыс орны ашылды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1099398?lang=kk