Soudal Group компаниясымен инновациялық құрылыс технологиялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылануда

Soudal Group компаниясымен инновациялық құрылыс технологиялары саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылануда

06.11.2025 08:21:17 123

Тюрнхаут, Бельгия, 2025 жылғы 5 қараша – Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі Роман Василенко құрылыс материалдарын, герметиктерді, монтаж көбіктері мен өнеркәсіптік желімдерді өндіру бойынша Еуропадағы ең ірі компаниялардың бірі – Soudal Group компаниясының штаб-пәтеріне барды.

Кездесуде Елші Р.Василенко мен операциялық директор Юрген Вандервельден Қазақстан мен Soudal Group арасындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Әңгіме барысында құрылыс индустриясының ел экономикасындағы рөлі мен оның тұрақты дамуы атап өтілді.

Елші Қазақстанда тұрғын үй құрылысының серпінді дамып келе жатқанын және құрылыс материалдары өндірісінде жаңа технологиялардың қолданылып жатқанын атап өтті. Осы тұрғыда Soudal Group тәжірибе алмасу, инновацияларды енгізу және тұрақты құрылыс шешімдерін дамыту саласында әлеуетті серіктес ретінде қарастырылуда.

«Soudal Group – жоғары сапа стандарттарын ұстанатын және тұрақты өндіріс қағидаттарын басшылыққа алатын еуропалық инновациялық бизнестің жарқын үлгісі. Біз компаниямен өзара іс-қимылды дамытуды және Қазақстанның құрылыс саласының жаңғыруына ықпал ететін бастамаларды қолдауды көздейміз», – деді Р.Василенко.

Өз кезегінде Ю.Вандервельден Қазақстан тарапынан көрсетілген қызығушылық үшін алғыс білдіріп, компанияның технологиялармен алмасу мен дистрибуциялық әріптестік бағыттарында ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атап өтті.

Анықтама: Soudal Group – 1966 жылы Вик Свертс негізін қалаған, Бельгияның Тюрнхаут қаласында орналасқан халықаралық өнеркәсіптік топ. Компания Еуропадағы герметиктер, монтаж көбіктері мен желімдердің ең ірі тәуелсіз өндірушісі болып табылады. 2024 жылы компанияның жылдық айналымы 1,46 млрд еуроны құрады. Өнімдері әлемнің 140-тан астам елінде жұмыс жасайды. Soudal компаниясының өндірістік желісі Еуропа, Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы 32 зауытты қамтиды, онда 4 000-нан астам қызметкер жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-brussels/press/news/details/1099714?lang=kk