БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультантын алу жөніндегі конкурс (облыстарда)»

БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультантын алу жөніндегі конкурс (облыстарда)»

06.11.2025 11:40:37 31

БОС ОРЫН: «ИДЖЖ-2 («Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы, 2-фаза» жобасын басқару тобының (ЖБТ) техникалық консультантын алу жөніндегі конкурс (облыстарда)»

 

Жұмыс беруші: «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті» РММ

 

Біліктілік:

 

  • Құрылыс, гидромелиорация саласындағы жоғары білім.
  • Гидромелиорациялық құрылыста немесе пайдалануда кемінде 10 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі
  • Дүниежүзілік банк немесе басқа да халықаралық қаржы институттары қаржыландыратын халықаралық жобалардағы практикалық жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады

 

Тілдер:

  • Бас техникалық кеңесші Қазақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс; ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.

 

Толық жұмыс күні

 

Осы позицияның міндеттері:

 

Негізгі міндеті жобаны іске асыру кезінде 1-компонент бойынша консультациялық қызметтер көрсету.

 

Міндеттері:

 

Техникалық консультант практикалық көмекпен шектелмей, компонент бойынша келесі негізгі міндеттер үшін жауап береді:

 

  • Бас техникалық кеңесші практикалық көмекпен шектелмей, келесі міндеттер үшін 1-компонент бойынша жауап береді:
  • Мемлекеттік нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жобалау - сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) және халықаралық стандарттарға сәйкес конкурстық құжаттаманың уақтылы дайындалуын, сондай-ақ мемлекеттік Құрылыс және салалық сараптамалардың ЖСҚ өтуін бақылау;
  • Жобаның суару және дренаждық аспектілері үшін СШР үйлестірушісі мен басшылығына жеке жауапкершілік. Жобаланатын ирригациялық-дренаждық жүйелердің, оның ішінде бөгеттер қауіпсіздігі жөніндегі іс-шаралардың сапалы мониторингін қамтамасыз ету.
  • Жобалау-іздестіру жұмыстары үшін қажетті мүдделі ұйымдардан рұқсат беру және өзге де құжаттарды сұрау және алу.
  • Жобалық шешімдерді қарау,олар бойынша ескертулер, ұсыныстар беру және жоба құрылысы объектілерінің түпкілікті жұмыс жобаларын қабылдау.
  • Жобаны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен және ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимыл жасау;
  • Халықаралық инженер-консультанттар Федерациясының (FIDIC) Келісімшарттарының талаптарына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ҚР нормативтік талаптарына, ЖСҚ сәйкес жоба объектілерінің құрылысын бақылау;
  • Жобаны уақтылы және сапалы іске асыру үшін халықаралық Консультантпен және Шымкент ЖБТ-мен тұрақты өзара іс-қимыл жасау.
  • Халықаралық консультант пен Шымкент ЖБТ бірлесіп жұмыс жүргізу кестесін келісу.
  • Жұмыс кестесінің сақталуын бақылау.
  • Шымкент ЖБТ консультанттары арқылы Жоба объектілері құрылысының барысын мониторингілеу, жобалау учаскелеріне тұрақты бару. Инженер өкілдерімен және мердігерлермен техникалық кеңестерге қатысу.
  • Келісімшарт талаптарына сәйкес инженер қызметі дайындаған жобадан ауытқуларды келісу.
  • Жобаның құрылыс объектілері бойынша жинақтау ведомостарын жүргізуді ұйымдастыру.
  • Ай сайынғы есептерді уақтылы жолдау
  • Жоба үйлестірушісін уақтылы хабардар ету және жоба бойынша туындайтын барлық мәселелерді шешу жөнінде шаралар қабылдау;
  • Жоба бойынша тренингтерге қатысу.
  • Техникалық кеңесші СРИМ СШК және ЖБТ үйлестірушісіне есеп береді.

 

 

Есеп беру бойынша: техникалық консультант СШК-не және ЖБТ-на жобаның үйлестірушісіне іске асырылу барысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.

 

Консультантты іріктеу 2020 жылғы қарашадағы ИЖҚ қарыз алушылары үшін сатып алу қағидаларында көрсетілген ХҚДБ рәсімдеріне сәйкес жеке консультанттарды іріктеу әдісі (ЖК) бойынша жүргізілетін болады. (www.worldbank.org).

Қол қойылған және сканерленген қызығушылық білдіру ұсыныстары 2025 жыл 20 қараша 15:00 сағ -ден кешіктірмей – Жобаны басқару тобының (ЖБТ облыстарда) техникалық консультантты алу жөніндегі конкурс позициясын көрсете отырып, төменде көрсетілген мекенжайға жіберілуге тиіс (жеке немесе пошта арқылы, немесе факс арқылы, немесе эл/пошта арқылы).

Комитет қызығушылық білдіру туралы барлық ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Мекен-жайы:

Астана қ., Қазақстан Республикасы Тел.: +7 7172 620242

Нақты мекенжайы: Сығанақ көшесі, 43., «Аңсар» Бизнес Орталығы, № 1208 Кеңсе

Кімге: Темірбекова Анар, Жобаны басқару тобының сатып алу жөніндегі бас маманы

E-mail: astana.idip@mail.ru, көшірмесімен idip.procurement@gmail.com.

Күні: 2025 жылы 20 қараша

Уақыты: 15: 00 (Астана қ. уақыты бойынша)

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/komwater/press/news/details/1099926?lang=kk