Самар ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүй салынбақ

Самар ауданында халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүй салынбақ

06.11.2025 12:01:00 52

Ауданда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Биыл жазда Самар жағалауына 50 мыңға жуық турист келген. Қарқынды құрылыс жұмыстары мен жағажай аумағын абаттандырудың нәтижесінде 2030 жылға қарай туристер ағынын жылына 150 000 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр.
«Бұл көрсеткіш жүзеге асырылып жатқан инвестициялық және инфрақұрылымдық бағдарламалардың тиімділігін айқындайтын маңызды фактор болмақ. Сондай-ақ Самар ауданын Шығыс Қазақстандағы жағажай туризмінің негізгі орталықтарының бірі ретінде танытады. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Бұқтырма су қоймасы жағалауында заманауи серуен аймағын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр», - деді аудан әкімі Серік Жеңісов ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
2025 жылы Самар ауданының туризм және инвестициялар орталығы құрылған. Аталған мекеме инвесторлар мен туристерді қолдаумен, шағын және орта бизнесті дамытумен айналысады.
Ауданның туристік әлеуетін кеңейту мақсатында осы жылы «Pana Asia» халықаралық қонақүй компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл келісім Сарыбел ауылында халықаралық стандарттарға сай заманауи қонақүй салу жобасының қолға алынуына мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1099957?lang=kk