«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен практикасы»

«Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен практикасы»

06.11.2025 12:30:45 58

   2025 жылдың 05 қарашасында Курчатов қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Т. Мубаряковтың Астана қаласына сапарының қорытындысы бойынша «Сайлау процесін өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері мен практикасы» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Іс-шара барысында Б.Т. Мубаряков қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары мен тәжірибесін таныстырды. Оқыту кезінде слайдтар мен бейнематериалдар пайдаланылды.
Семинардың соңында төраға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/press/news/details/1100034?lang=kk