«ОЯН, ҚАЗАҚ!» – ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ МӘҢГІ САҚТАЛҒАН СӨЗДЕР

«ОЯН, ҚАЗАҚ!» – ҰРПАҚТАР ЖҮРЕГІНДЕ МӘҢГІ САҚТАЛҒАН СӨЗДЕР

06.11.2025 16:50:40 77

6 қараша күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Елубай Өмірзақов атындағы аудандық Мәдениет үйімен бірігіп ұлт ұстазы, көрнекті жазушы, ақын, публицист, педагог және қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына арналған «Міржақып рухы – мәңгілік» атты әдеби-музыкалық кеш өткізді.

Шара барысында қатысушыларға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанат Нұғманова мен Әйет мешітінің имамы Ислам Хамзин құттықтау сөз сөйлеп, ұлттың рухани мұрасын сақтау мен ағартушының еңбектерін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

Бейімбет Майлин атындағы мектептің тарих пәні мұғалімі Ұлбосын Сақауова және Сапар Ерғалиев атындағы мектептің әдебиет пәні мұғалімі Меруерт Жортынбаева өз сөздерінде Алаш партиясының ел тарихындағы рөлі мен Міржақып шығармаларының бүгінгі күнге дейінгі өзектілігі жөнінде айтып өтті.

Олар өз сөздерінде Міржақыптың еңбектері Отанға деген сүйіспеншілікті, білімге ұмтылысты және ұлттық сана мен рухты қалыптастыруда зор үлес қосқанына ерекше тоқталды.

Кеш барысында әндер, күйлер, термелер орындалды. Ақынның өлеңдерін ұстаздар, оқушылар және де кеш қонақтары нақышына келтіріп оқыды.  Аталған іс-шараға «Міржақып Дулатұлының әдеби мұрасы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шара жылы да әсерлі өтті. Қазақ халқының Ұлы перзенті Міржақып Дулатұлының мәңгі өшпес рухын тағы бір мәрте еске салған тағылымды кеш болды. Қатысқан 45 адам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/1100299?lang=kk