Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Таллиннде қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті.

Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Таллиннде қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті.

07.11.2025 08:00:39 61

Таллин, 2025 жылғы 30 қазан – Қазақстан Республикасы Күнін және Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларациясының 35 жылдығын мерекелеу құрметіне Эстония Музыка және театр академиясында қазақстандық әртістердің «The Rhythms of the Nomads» концерті өтті.

Іс-шара Қазақстанның Эстониядағы Елшілігі Алматы қаласы әкімшілі және «Алматы әуендері» КМҚК қолдауымен ұйымдастырылды.

Бағдарламаға Жеңісәлі Ержанов, «Аркайым» нео этно-фольклорлық тобы, «Музарт Life» үрлеу тобы, «Сазген сазы» халық аспаптар ансамблі және «Ұлытау» этно-рок тобы қатысты.

Көрермендер Қазақстанның халық музыкасымен танысты. Сахнада ұлттық музыкалық аспаптарда әуендер, күйлер, қазақ, эстон және басқа да шетелдік композиторлардың музыкалық шығармалары шырқалды.

Кеш қонақтары - Эстонияның саяси, академиялық және іскер топтары, шет елдердің Елшілері, қазақстандық диаспора, сондай-ақ ЭР мәдени және қоғамдық ұйымдарының өкілдері болды.

ҚР-дың Эстониядағы Елшісі Алтай Кульгинов еліміздің қазіргі Тәуелсіздігіміздің небәрі отыз жылдығына қарамастан Қазақстанның Ұлы дала, көшпенділер дәстүрлері, бостандық, қонақжайлылық және табиғатпен үйлесімділік құндылықтарымен қалыптасқан ұзақ тарихы бар екенін атап өтті.

Музыка мен өнер арқылы Еуропа мен Ұлы дала арасында көпір салынып, халықтарды достық пен өзара сыйластыққа біріктіреді. Іс-шара Эстонияның маңызды мәдени оқиғасы болды, ол ұрпақтардың ажырамас байланысын және Қазақстанның ұлттық дәстүрлерінің сабақтастығын атап өтті. Көрермендер бай мәдениетті, ұлттық фольклорды және қазақ халқының шынайы рухын көрді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-tallin/press/news/details/1100578?lang=kk