ТАССАЙДА ТАҒЫ 1700 ҮЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛАДЫ

ТАССАЙДА ТАҒЫ 1700 ҮЙГЕ ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛАДЫ

07.11.2025 19:20:21 111

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тассай шағынауданы тұрғындарымен бірге табиғи газды қосу рәсіміне қатысты. Бұл – газдандырудың екінші кезеңі аясында жүзеге асқан маңызды оқиға. Нәтижесінде 1700 абонентке көгілдір отынға қосылу мүмкіндігі берілді. Бұған дейін бірінші кезеңде 800 абонент газ жүйесіне қосылған болатын. Жыл соңына дейін қалған тұрғын үйлерді қосу жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы жоба толық жүзеге асқанда 3345 абонент табиғи газбен қамтылып, тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асады. Газдың қосылуы – тұрғындар үшін маңызды сәт, ол өмір сүру сапасын арттыруға және шағынауданның инженерлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған қадам. Осы қуанышты оқиғамен тұрғындарды құттықтап, құрылыс жұмыстарын уақытылы орындаған мердігер ұйымға алғысын білдірді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-energetika-kommunal/press/news/details/1101363?lang=kk