Қазақстан Сыртқы істер министрі Эстония Елшісін қабылдады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Эстония Елшісін қабылдады

10.11.2025 19:00:38 72

Астана, 2025 жылғы 10 қараша – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Эстония Республикасының Қазақстандағы Елшісі Яап Ораны қабылдады.

Тараптар саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени және білім саласындағы байланыстарды дамыту бойынша екіжақты күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқылады.

Эстония Президенті Алар Каристің Астанаға алдағы мемлекеттік сапарына дайындыққа айрықша көңіл бөлінді. Эстон мемлекетінің басшысымен бірге бизнес, білім және мәдениет өкілдерінен құралған кең құрамды делегация келеді, бұл екі елдің түрлі бағыттардағы қарым-қатынастарды тереңдетуге деген ұмтылысын растайды.

Министр бұл сапар казақ-эстон қатынастарының одан әрі дамуындағы маңызды белес екенін және цифрландыру, көлік пен логистика, білім мен инновация сияқты салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде Елші эстон көшбасшысының сапары Таллиннің Астанамен көп қырлы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге деген ниетін растайтынын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1102366?lang=kk