Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық медалі табысталды
11.11.2025 14:10:41 89
«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2025 жылдың 10 қарашасында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық медалін жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы Салтанат Альшимбаеваға табыс етті.
Марапат көп жылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және Әділет органдары жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Әділет министрлігінің ведомстволық медалі дәстүрлі түрде Әділет саласында 15 жылдан астам уақыт қызмет етіп, қызметтік міндеттерін мінсіз атқарған қызметкерлер мен мамандарға табысталады.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1102793?lang=kk