Жаңа Салық кодексіндегі жалпы өзгерістер мен инновациялар бойынша семинар
12.11.2025 17:41:25 32
2025 жылғы 12 қарашада Риддер қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Рыспаев А.Б. қаланың салық төлеушілері үшін «Қазақстан Республикасының 2026 жылғы жаңа Салық кодексі» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.
Іс-шара барысында көлік құралдарына, жылжымайтын мүлікке, салық режимдеріне, қосылған құн салығына және өзге де жаңашылдықтарға қатысты өзгерістер бойынша түсіндірмелер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1103948?lang=kk