Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіруге арналған «Ашық есік күні» өткізілді
13.11.2025 15:20:57 82
Іс-шара барысында азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, онда басқарма мамандары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің басты бағыттары мен ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу кезінде қосылған құн салығы, корпоративтік және жеке табыс салығына қатысты енгізілетін негізгі өзгерістерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қатысушыларға салықтық әкімшілендіруді жеңілдету, шағын және орта бизнес субъектілеріне жасалатын жаңа мүмкіндіктер, әкімшілік ауыртпалықты азайту және салықтық рәсімдердің ашықтығын арттыру шаралары туралы ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1104584?lang=kk