Кезектегілер арасында жер учаскелерін бөлу механизмі

Кезектегілер арасында жер учаскелерін бөлу механизмі

13.11.2025 17:51:31 125

Қостанай қаласының «Қонай» шағын ауданында бюджет қаражаты есебінен салынған дайын жеке тұрғын үйлерді жер учаскелеріне кезекте тұрған адамдар арасында бөлу  жұмысы  басталды.

Шағынаудан аумағында ЖТҚ үшін 1792 жер учаскесін бөлу жоспарлануда, оның 1668-і бос, ал 124-і бір қабатты және екі қабатты тұрғын үйлер ретінде салынған.  

Осы жоба аясында  кезекте тұрғандардың көбісін барынша  тұрғын үйлермен қамтамасыз ету, сондай-ақ үй салуға жұмсалған бюджет қаражатын қайтару мүмкіндігін жедел іске асыру мақсатында, барлық кезек бойынша тұрғын үй алуға үміткерлер тобын - 43 287 кезек нөміріне дейін кеңейту туралы шешім қабылданды (10.11.2025 ж.жағдай бойынша жаңартылған кезекте тұрғандар саны).

Барлық үйлер инженерлік коммуникациялармен және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жер учаскелерінің ауданы 0,08 га (8 сотық).

Сатып алуға болады:  

—  қолма-қол есеп айырысу арқылы;  

— тұрғын үй кредит беру механизмі бойынша Екінші деңгейдегі банктер арқылы.

Үйлерді бөлу кезектілік нөмірін ескере отырып жүргізілетін болады.

2025 жылғы 11 қарашадан бастап 1-ден 43 287 нөмірге дейінгі кезекте тұрған  азаматтар жер қатынастары бөліміне (Қайырбеков көшесі, 75) немесе +7 7142 54 00 97 телефоны арқылы жүгінуі қажет. Өзіңізбен бірге алынбалы тасығышта электрондық-цифрлық қолтаңба және жеке куәлік болуы қажет.

Үйлерді қарап шығу мүмкіндігі:  

— жұмыс күндері — сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін (түскі ас 13:00-ден 14:00-ге дейін);

— сенбі күні — сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін, Қонай ш.а., 17 квартал, 1 үй мекенжайы бойынша құрылыс бөлімінің қызметкері кезекшілік етеді.  

Үйді таңдағаннан кейін және төлем қабілеттілігін бағалауды жүргізгеннен кейін (несие берілген жағдайда) азаматтар қала әкімдігіне өтініш беру керек (Пушкин көшесі, 98, 107 кабинет).

Бөлу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың  өтініштерін қарап, үй сатып алатын азаматтардың тізімін қалыптастыру мақсатында,  жұртшылық өкілдері және депутаттардың қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Әкімдік қаулысы қабылданғаннан кейін азаматтарға құрылыс бөлімінде тұрғын үй мен жер учаскесін сатып алу-сату шартын рәсімдеп, төлемді бюджетке енгізеді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kalasy-akimat/press/news/details/1104915?lang=kk