Сарбаздардың ата аналары Түркістандағы әскери бөліммен танысты
14.11.2025 09:30:36 107
Түркістан қаласында орналасқан ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде ұландық сарбаздардың ата-аналары үшін ашық есік күні өтті.
Іс-шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылды.
Қонақтар ұландықтардың күнделікті өмірін, олардың тұрмыс-жатын жағдайларын, ас мәзірін, медициналық және психологиялық қамтамасыз ету мүмкіндіктерін өз көздерімен көрді. Ата-аналар тәртіптің жоғары деңгейін, басшылықтың жас жауынгерлерді тәрбиелеуге деген жауаптылығын атап өтті.
Ата-аналардың сұрақтарына тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасының бастығы генерал-майор Аян Есжанов жауап берді.
Қатардағы Досбол Дамбековтың әкесі-Жұмаберген Әбдіхалықов бөлім басшылығына алғысын білдірді:
— Бүгінгі армия — ер адамдар тәрбиеленетін нағыз мектеп. Біз ұлымыздың Ұлттық ұланда қызмет ететініне шын жүректен қуаныштымыз.
"Тұлға" мектебінен арнайы шақырылған оқушыларға есік ашық күні ерекше әсер қалдырды. Олар әскери техникамен танысып, үстеріне форма киіп көрді және саптық сабақтарды тамашалады. Көптеген жастар кездесуден кейін өз болашағын әскермен байланыстырғысы келетіндерін айтты.
Ашық кездесу халықтың құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілеріне деген жоғары сенімінің дәлелі болды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kvv/press/news/details/1105126?lang=kk