«Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурс
14.11.2025 11:30:40 83
«Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурс
13-қараша күні Ұлттық теңге күніне орай Федоров аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары «Федоров АӘҚКО» КММда «Теңге – тәуелсіздік нышаны» танымдық экскурсын өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларды ұлттық валютаның жасалу тарихымен таныстырды. Сонымен қатар тыңдармандар тақырыптық викториналарға белсенді қатысты және жүргізушілердің сұрақтарына жауап берді. Танымдық экскурс бейнематериалдар мен музыкамен сүйемелденді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanay-fedorov/press/news/details/1105319?lang=kk