KazAID Тәжікстанның мемлекеттік органдарымен ДРК мәселелері бойынша кездесулер өткізді
14.11.2025 11:31:04 120
KazAID Тәжікстанның мемлекеттік органдарымен ДРК мәселелері бойынша кездесулер өткізді
2025 жылғы 12-14 қараша, Душанбе қаласы, Тәжікстан Республикасы – KazAID делегациясы, департамент директоры Б. Жақуповтың басшылығымен Тәжікстанның негізгі министрліктері мен мемлекеттік органдарымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулердің мақсаты екіжақты ынтымақтастық бағыттарын және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылау болды.
Кездесулер Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті, Энергетика және су ресурстары министрлігі, сондай-ақ Президент жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі өкілдерімен өткізілді.
Кездесулер барысында мемлекеттік қызметтер мен басқарудың цифрландырылуы, медициналық инфрақұрылымды дамыту және денсаулық сақтау саласының цифрландырылуы, сондай-ақ білім беру мен инновациялық технологиялар саласындағы тәжірибе алмасу сияқты маңызды мәселелер талқыланды. KazAID IT мамандарын даярлау, мемлекеттік басқаруды цифрландыру сияқты бірқатар бірлескен жобалар мен бастамаларды ұсынды.
KazAID өз жобалары туралы айтып берді, соның ішінде Түркияда жер сілкінісінен кейін салынған мектеп және «Авиценна: Денсаулық сақтау», «Достық: цифрландыру» және «Достық: дипломатия» сияқты флагмандық бағдарламалар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1105300?lang=kk