Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары мен қалалық Қоғамдық кеңестің мүшелері тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы шеңберінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасына мониторинг жүргізу мақсатында қала мектептеріне баруды өткізді.
14.11.2025 13:20:46 111

Сапар барысында депутаттар қолданыстағы мәзірмен, нормативтік құжаттармен танысып, бракираж комиссияларының мүшелерімен, мектеп асханаларының қызметкерлерімен, әкімшілікпен және оқушылармен сөйлесті.
Мониторинг қорытындысы бойынша бракираждық комиссиялардың құрамына ата – аналардың көбірек санын қосу, тамақтану сапасын тексерудің жүйелілігін арттыру және нормативтік құжаттарды өзектендіру қажеттілігі атап өтілді-депутаттар осы өлшемшарттардың барлығын қаланың білім бөліміне бірыңғай жұмыс жоспарында көрсетуді ұсынды.
Аталған бағыттар бойынша қаланың білім бөліміне әзірленген ұсынымдарды орындау үшін комиссияның қаулысы жіберілетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1105412?lang=kk