Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Аманғос Төлеуовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

14.11.2025 15:40:37 93

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында мемлекеттік наградаларды табыстады.

Алқалы жиында Жұмысшы мамандықтары жылына орай еңбек адамдарына айырықша құрмет көрсетілді.

Президент Жарлығымен еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (Ақтөбе облысы) директоры Аманғос Сансызбайұлы Төлеуовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar/press/news/details/1105557?lang=kk