Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы У.Умирзактың Ұлттық валюта күнімен құттықтауы.
14.11.2025 16:00:37 142
Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының қаржы саласы үшін маңызды мереке – 15 қараша, Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасуы мен дамуы – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі. Осы күні біз ұлттық валютамыз – теңгенің енгізілуін еске ала отырып, мемлекетіміздің экономикалық дербестігін, тұрақтылығын және дамуға ұмтылысын ерекше бағалаймыз.
Осы мерекеге орай барлық әріптестеріме зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін! Еліміздің экономикалық дамуына қосып жатқан еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын.
Құрметпен,
Жетісу облысы бойынша МКД басшысы
Умирзаков У.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-zhetysu/press/news/details/1105596?lang=kk