"Құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде психологиялық көмек және кеңес беру" тақырыбындағы Семинар

"Құқық бұзушылықтың алдын алу құралы ретінде психологиялық көмек және кеңес беру" тақырыбындағы Семинар

14.11.2025 16:51:28 831

«Заң және тәртіп» желілік жоспарына сәйкес, * 2025 жылдың 14 қарашасы күні* Осакаров ауданының білім бөлімі мен мектептері «Құқық бұзушылықтың алдын алудың құралы ретінде психологиялық көмек пен кеңес беру» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға 400-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, қауіп факторларын ерте анықтау әдістері, педагогтар, психологтар мен ата-аналардың өзара әрекет ету алгоритмдері қарастырылды. Қатысушыларға тәртіп бұзуға және қақтығысқа бейім жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-osakarovka/press/news/details/1105667?lang=kk