INTEQ Zrt Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтады: цифрлық ауыл шаруашылығы және бірлескен IT-шешімдер фокусында
14.11.2025 18:30:49 510
Будапешт, 2025 жылғы 14 қараша - Мажарстандағы Қазақстан Елшілігінде өнеркәсіптік автоматтандыру, логистика және агротехнологиялар саласындағы цифрлық шешімдерге маманданған INTEQ Zrt компаниясымен кезекті кездесу өтті.
Алдыңғы талқылаулардың жалғасуы ретінде тараптар нақты ынтымақтастық бағыттарын пысықтауға назар аударды. Әсіресе, INTEQ Zrt шешімдерін Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінде пилоттық енгізу мәселелері қаралды. Олардың қатарында астық сақтау мониторингі, мал шаруашылығына арналған AI-решения, смарт-суландыру технологиялары бар. Мұндай тәсілдер өндіріс тиімділігін арттыруға, шығындарды азайтуға және аграрлық сектордың тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның IT-компанияларымен бірлескен серіктестік құрып, елімізде технологиялық және цифрлық қызметтер көрсету мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар жоғары технологиялық жетілдіру деңгейіне ие шешімдерді жергілікті жағдайға бейімдеу және ауқымдандыру үшін күш біріктіруге дайын екендігін білдірді.
INTEQ Zrt компаниясының Қазақстанда қарқынды дамып келе жатқан аграрлық көрмелер мен салалық іс-шараларға қатысу мүмкіндігі де қарастырылды. Мұндай алаңдар инновациялық шешімдерді көрсету және іскер байланыстар орнату үшін маңызды платформа болып табылады.
Тараптар техникалық консультацияларды жандандыруға және мүмкіндігінше Қазақстанда отандық агро және IT-компаниялармен бірлесе отырып INTEQ Zrt шешімдерінің демонстрациясын ұйымдастыруға келісім білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-budapest/press/news/details/1105897?lang=kk