Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Қан орталығына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов Қан орталығына жұмыс сапарымен барды

14.11.2025 18:30:51 107

Бүгін Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов Қарасай ауданына жұмыс сапары барысында облыстық Қан орталығына барды.

Сапар аясында орталықтың қызметімен және өңір тұрғындарын сапалы әрі қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Кездесу барысында ерікті және қайырымды донорлықты дамыту, қан тапсыру мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қ.Б. Есболатов орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бойынша атқарылып жатқан шараларға назар аударды.

Сапар соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары ұжыммен кездесіп, қан қызметін жетілдіру және донорлықты дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-densaulyk/press/news/details/1105890?lang=kk