Қазақстан мен Польша дінаралық байланысты нығайтуда

Қазақстан мен Польша дінаралық байланысты нығайтуда

14.11.2025 19:20:43 92

Варшава, 2025 жылғы 14 қараша - Қазақстан Елшісі Нұрлан Жалғасбаевтың Польша Мұсылмандар діни одағының Жоғарғы алқасының төрағасы, Мүфти Томаш Миськевичпен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы дін саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашақ перспективаларын талқылады. Арнайы назар дінаралық диалогты дамытуға, мәдени және білім беру саласындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ екі елдің мұсылман қауымдары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға аударылды.

Т. Миськевич Қазақстандағы дінаралық және конфессияаралық диалогты жоғары бағалап, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезінің бастамаларын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен бастамалар мен белсенді өзара іс-қимылды жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-warsaw/press/news/details/1105928?lang=kk