Департаментте Ұлттық валюта күніне арналған салтанатты шара өтті
14.11.2025 20:21:03 128
2025 жылғы 14 қарашада Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ұлттық валюта күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты рәсім аясында Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатар қызметкерлері кәсіби жетістіктері мен адал еңбегі үшін марапатталды.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен ашылды. Қатысушыларға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Ескендірұлы Баеділов құттықтау сөз сөйледі. Ол ұлттық валюта ел тәуелсіздігінің басты рәміздерінің бірі екенін атап өтіп, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады.
Қанат Ескендірұлы өз үндеуінде барлық қызметкерлерге мансаптық өсу мен жұмыста табыс тілеп, мұндай көтермелеулер маңызды ынталандыру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтетінін атап өтті.
Іс-шара барысында ведомстволық наградалар табысталды, олардың ішінде:
— "Қаржы қызметінің үздігі" төсбелгісі-департамент пен аудандық басқармалардың үздік қызметкерлеріне;
— Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің құрмет грамоталары-кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген мамандарға.
Ұлттық валюта күніне орай Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлеріне ерекше алғыс сөздер айтылды. Олардың көп жылғы еңбегі, кәсібилігі мен адалдығы елдің тұрақты салық жүйесі мен қаржылық тәртібін қалыптастыру үшін негіз болғандығы атап өтілді. Ардагерлер арасында Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері Күлбақыт Нұрғасенқызы Торайғырова марапатталды.
Салтанатты іс-шара құттықтаулармен және ізгі тілектермен аяқталды. Қызметкерлердің еңбегін мойындау мотивацияны нығайтуға және олардың мемлекет игілігі үшін одан әрі жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1105957?lang=kk