15 қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні

15 қараша-Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні

17.11.2025 11:50:20 130

Құрметті Қазақстандықтар!

15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Тарихи жаңалық Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы рыногындағы даму негізін қалады. Халықаралық аренада біздің еліміздің танылуына ерекше әсер етті.

Ұлттық валюта күнінің қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен тұспа-тұс келуі тегін емес. Олар ұлттық валютамызбен тікелей жұмыс істеп, оның айналымын ұдайы қадағалап отырады.

Ұлттық валюта күнінде қаржы саласының мамандарына, сондай-ақ барлық жерлестерге зор денсаулық, ертеңгі күнге сенімділік, қаржылық амандық пен тұрақтылық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-ulken-naryn/press/news/details/1106410?lang=kk