Өңір орталығында ашылған жаңа кәсіпорында жұмысшы мамандарға сұраныс артып келеді
18.11.2025 17:40:34 105
Қонаев қаласында жуырда іске қосылған «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС-де өндірістік үдеріс біртіндеп қарқын алып жатыр.
Кәсіпорын үш негізгі өнім түрін шығарады: өсімдік майы, құрама жем және ұн. Жаңа өндіріс ошағы қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға да елеулі үлес қосуда.
Басшылықтың айтуынша, алғашқы кезеңде білікті мамандар тапшылығы байқалған. Қазір бұл мәселе жүйелі түрде шешілуде.
«Біз өңірдің түрлі ауылдарынан кәсіби мамандарды тартып, іріктеу жұмыстарын жүргіздік. Қызметкерлер үшін оқыту курстары ұйымдастырылды, жастарды дайындау қолға алынды. Бүгінде кәсіпорында 300-ден астам адам еңбек етеді», – деді кәсіпорын басшысының орынбасары Самат Бердикұлов.
Комбикорм шығаратын негізгі учаскелердің бірін инженер Сергей Бедарев басқарады. Бұған дейін ол Қонаевтағы басқа зауытта жұмыс істеп, енді жаңа кәсіпорында өндіріс бөлімінің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.
- «Менің мамандығым – инженер. Өндірісте дәлдік пен жауапкершілік бірінші орында. Әрбір кезең кәсіби көзқарас пен мұқият бақылауды талап етеді», – дейді ол.
Оның жетекшілігіндегі учаскеде тәулігіне 1500 тоннаға дейін құрама жем өндіріледі. Ол өнім сапасын және технологиялық талаптардың орындалуын тұрақты қадағалап отырады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – еңбек адамының мәртебесін көтеру және техникалық мамандардың қоғамдағы рөлін арттыру. Қонаев қаласындағы жаңа кәсіпорын осы міндеттің нақты көрінісі болып отыр: мұнда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіби шеберлердің еңбегі лайықты бағалануда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl/press/news/details/1107646?lang=kk