Біріңғай цифрлық платформа: авторлар мен пайдаланушылар үшін негізгі өзгерістер

Біріңғай цифрлық платформа: авторлар мен пайдаланушылар үшін негізгі өзгерістер

22.11.2025 17:00:22 58

21 қарашада «Атамекен» ҰКП Мәдениет және креативтік индустриялар жөніндегі кішікомитеті алаңында зияткерлік меншік мәселелері бойынша қабылданған түзетулердің негізгі қағидалары таныстырылды. Отырысқа ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігі, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы қатысты.

Басты жаңашылдық ұжымдық құқықтарды басқару саласындағы Бірыңғай цифрлық платформа (БЦП) болды. Ол шығармалардың пайдаланылуын, шарттарды және сыйақы есептеуді бірыңғай жүйеде тіркеуге мүмкіндік береді, бұл авторлар мен пайдаланушылар үшін ашықтық пен қолайлылықты қамтамасыз етеді.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, платформаны енгізу сыйақыны жинау мен бөлуді әділ етеді.

Талқылауға шығармашылық индустрияның, өңірлік палаталардың, театрлар мен филармониялардың, авторлар мен бизнес өкілдерінің 200-ден астам өкілдері қатысты. Қатысушылар платформа жұмысына қатысты түсіндірмелер алып, цифрландыру зияткерлік меншік саласындағы ашықтық пен тиімділікті арттыра түсетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1110490?lang=kk