Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын тапсырды

25.11.2025 19:20:23 65

Әл-Кувейт, 2025 жылғы 25 қараша – Қазақстан Республикасының Елшісі Ержан Елекеев Кувейт Мемлекетінің Әмірі шейх Мишааль Әл-Ахмад Әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын табыстады.

Рәсім барысында Қазақстан-Кувейт қатынастарының достық сипаты және тараптардың саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылысы расталды.

Е.Елекеев Кувейт пен Қазақстан тұрақтылықты нығайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық экономиканы әртараптандыру сияқты ортақ басымдықтарға ие екенін атап өтті. Елші сондай-ақ Қазақстан институттардың тиімділігін арттыруға және шешімдерді орындаудың ашықтығына бағытталған мемлекеттік басқаруды цифрландырудың ауқымды бағдарламасын іске асыратынын хабарлады.

Кувейт Әмірі Елшіге табысты жұмыс тілеп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қолдау білдірді. Ол Кувейттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтудің ерекше маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның агроөнеркәсіптік сектордағы сенімді серіктес ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.

Әмір Кувейттің осы саладағы перспективалық бастамаларды, соның ішінде тұрақты азық-түлік жеткізілімдерін дамытуға және екі елдің мемлекеттік және жеке институттары арасындағы өзара іс-қимылдың ұзақ мерзімді тетіктерін құруға бағытталған жобаларды қарастыруға дайын екенін айтты.

Қазақ дипломаты Кувейттің өңірдегі стратегиялық серіктес ретіндегі маңыздылығына назар аудара отырып, Қазақстанның Парсы шығанағы елдерімен өзара іс-қимылды нығайтуға бейілділегін атап өтіп, екіжақты күн тәртібінің барлық бағыттары бойынша диалогты тереңдетуге дайын екенін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1112436?lang=kk