Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Риддер қаласында «Құқықтық десант» пилоттық жобасын аяқтады.

Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Риддер қаласында «Құқықтық десант» пилоттық жобасын аяқтады.

05.12.2025 08:03:25 214

      Бүгін прокуратура қызметкерлері Полиция департаменті және ШҚО әкімдігімен бірлесіп қаланың ойын-сауық орындарында және сауда нүктелерінде профилактикалық жұмыс жүргізді.

      «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына сәйкес сауда нүктелерінің қызметкерлері мен келушілерімен түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату тәртібін реттейтін заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ оны кәмелетке толмағандарға сатуға жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстар өткізілді.

      Жүргізілген жұмыстың мақсаты – негізгі құқықбұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту.

      Бұдан бөлек, «Сокол» стадионында өткен граффити фестивалінің жалғасы ретінде жергілікті суретші Прокошин Максим Валерьевич алаяқтықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және есірткі қылмыстарының профилактикасына арналған жаңа жұмыстарын ұсынды.

        Визуалды бейнелер арқылы автор қырағылықтың, жауапкершіліктің және дер кезінде көмекке жүгінудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1119428?lang=kk