Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда
05.12.2025 18:12:00 98Масқат, 2025 жылғы 2-4 желтоқсанда - Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы өтіп, онда тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен Оман Сұлтандығы Сыртқы істер министрінің орынбасары Халифа Әл-Харисидің төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына комиссияның қазақ және оман бөліктерінің мүшелері, сондай-ақ Оман Сұлтандығының министрліктерінің, ведомстволарының және басқа да мемлекеттік басқару органдарының шақырылған басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Комиссия отырысының алдында тараптар делегациялары басшылары шағын құрамда мазмұнды келіссөздер жүргізді, онда екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін және оның одан әрі қарай даму келешегін талқылады.
Отырыс барысында тараптар елдер арасындағы қатынастардың келешегін атап өтіп, қол жеткізілген оң барыста дамытуға ортақ міндеттемені растады.
Іс-шара инвестициялық және қаржылық ынтымақтастық, көлік және логистика, коммуникация және технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, фармацевтика, энергетика және мәдени-гуманитарлық өзара әрекеттесу сияқты көптеген мәселелерді қамтыды.
Отырыс қорытындысы бойынша үкіметаралық комиссия тараптары бірлескен Хаттамаға қол қойып, Астана қаласында келесі отырысты өткізу туралы уағдаласты.
Сонымен қатар, Үкіметаралық комиссияның бірінші отырысы аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ә.Қуантыровтың көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігінің, Сауда, индустрия және инвестицияларды ілгерілету министрлігінің және «Oman Investment Authority» басшылығымен жұмыс кездесулері өтті. Онда Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастықты одан әрі қарай дамыту келешегі және оны кеңейту жолдары талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1120268?lang=kk