Қазақстанның Женевадағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан ХЕҰ Бас директоры Жильбер Унгбомен кездесу өткізді
05.12.2025 19:00:46 67
Қазақстан Республикасының БҰҰ Бөлімшесіндегі және Женевадағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ержан Қазыхан Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) Бас директоры Жильбер Унгбомен хаттамалық кездесу өткізді.
Кездесу барысында Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізіп, Қазақстанның ХЕҰ-мен стратегиялық әріптестікті нығайтудағы өзгермес ұстанымын растады. Әсіресе, Бас директордың 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға жасаған тарихи сапарының маңыздылығы атап өтілді – бұл еліміз 1993 жылы Ұйымға мүше болғаннан бергі ХЕҰ басшысының алғашқы сапары болды.
Тараптар бірлескен жетістіктерді, соның ішінде 2024–2025 жылдарға арналған Лайықты еңбек жөніндегі жол картасының табысты іске асырылуын және ХЕҰ-ның №131 «Ең төменгі жалақы туралы» конвенциясын жақында ратификациялауды жоғары бағалады.
Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның еңбек саясатының трипартизм мен әлеуметтік диалог қағидаттарына негізделетініне тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екендігін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-geneva/press/news/details/1120339?lang=kk